Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1276

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
45. Мүшріктердің көңілін жібіту үшін оларға тура жол тілеу туралыبَابُ الدُّعَاءِ لِلْمُشْرِكِينَ بِالْهُدَى لِيَتَأَلَّفَهُمْ
Нөмірі
№ 1276 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2937
1276
Бұхари, № 1276 · Сахих: 2937Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَدِمَ طُفَيْلُ بْنُ عَمْرٍو الدَّوْسِيُّ وَأَصْحَابُهُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ دَوْسًا عَصَتْ وَأَبَتْ، فَادْعُ اللَّهَ عَلَيْهَا». فَقِيلَ: «هَلَكَتْ دَوْسٌ». قَالَ: «اللَّهُمَّ اهْدِ دَوْسًا وَائْتِ بِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Туфайл ибн Амр әд-Дәуси серіктерімен бірге Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Дәус тайпасы бойсұнбай, дінді қабылдаудан бас тартты. Оларға қарсы Аллаға дұға етіңіз”, – деді. Жұрт: “Дәус құрыды”, – десті. Алайда Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Алла! Дәус тайпасын тура жолға бастай гөр әрі оларды осында алып келе гөр!” – деп дұға етті».