Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1257

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
32. Алла жолындағы жорықта күзетте тұру туралыبَابُ الْحِرَاسَةِ فِي الْغَزْوِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ
Нөмірі
№ 1257 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2885
1257
Бұхари, № 1257 · Сахих: 2885Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ سَهِرَ، فَلَمَّا قَدِمَ الْمَدِينَةَ قَالَ: «لَيْتَ رَجُلًا مِنْ أَصْحَابِي صَالِحًا يَحْرُسُنِي اللَّيْلَةَ». إِذْ سَمِعْنَا صَوْتَ سِلَاحٍ، فَقَالَ: «مَنْ هَذَا؟» فَقَالَ: «أَنَا سَعْدُ بْنُ أَبِي وَقَّاصٍ، جِئْتُ لِأَحْرُسَكَ». فَنَامَ النَّبِيُّ ﷺ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға келгеннен кейін бір түні ұйқысы қашып: “Шіркін, сахабаларымның арасынан бір ізгі адам осы түні мені күзетсе ғой”, – деді. Сол сәтте қарудың сыңғырын естідік. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл кім?” – деп сұрады. Ол: “Мен Сағд ибн Әбу Уаққаспын. Сізді күзету үшін келдім”, – деді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) ұйықтады».