Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1242

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
20. Жорыққа аттанушыны жабдықтаған немесе оның артында қалған отбасына қамқор болған адамның артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ مَنْ جَهَّزَ غَازِيًا أَوْ خَلَفَهُ بِخَيْرٍ
Нөмірі
№ 1242 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2844
1242
Бұхари, № 1242 · Сахих: 2844Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَمْ يَكُنْ يَدْخُلُ بَيْتًا بِالْمَدِينَةِ غَيْرَ بَيْتِ أُمِّ سُلَيْمٍ إِلَّا عَلَى أَزْوَاجِهِ. فَقِيلَ لَهُ، فَقَالَ: «إِنِّي أَرْحَمُهَا؛ قُتِلَ أَخُوهَا مَعِي».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинада жұбайларының үйлерінен басқа ешбір әйелдің үйіне кірмейтін, тек Үммі Сүләймнің үйіне ғана кіріп тұратын. Мұның себебін сұрағанда, ол (с.а.с.): “Мен оны аяймын. Оның бауыры менімен бірге жорықта қаза тапты”, – деді».