Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1235

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
15. Алла Тағаланың: «Үзірі жоқ бола тұра жорыққа шықпай отырған мүміндер ... тең емес» («Ниса», 95) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ﴾ [النِّسَاءِ: 95]
Нөмірі
№ 1235 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2832
1235
Бұхари, № 1235 · Сахих: 2832Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

عَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمْلَى عَلَيْهِ: ﴿لَا يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ وَالْمُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ﴾.

قَالَ: فَجَاءَهُ ابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ وَهُوَ يُمْلِيهَا عَلَيَّ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ أَسْتَطِيعُ الْجِهَادَ لَجَاهَدْتُ». وَكَانَ رَجُلًا أَعْمَى، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى عَلَى رَسُولِهِ ﷺ وَفَخِذُهُ عَلَى فَخِذِي، فَثَقُلَتْ عَلَيَّ حَتَّى خِفْتُ أَنْ تَرُضَّ فَخِذِي، ثُمَّ سُرِّيَ عَنْهُ فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿غَيْرُ أُولِي الضَّرَرِ﴾.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Үзірі жоқ бола тұра жорыққа шықпай отырған мүміндер мен Алла жолында жиһад етушілер тең емес” (“Ниса”, 95) деген аятты жаздырды.

Алла Елшісі (с.а.с.) осы аятты маған жаздырып жатқанда, Ибн Үмм Мактум келіп: “Уа, Расулалла! Жиһад етуге шамам жетсе, мен де міндетті түрде жиһад етер едім”, – деді. Ол көзі көрмейтін кісі болатын. Сол сәтте Аса игі әрі аса ұлы Алла Елшісіне (с.а.с.) уахи түсірді. Пайғамбардың (с.а.с.) саны менің санымның үстінде жатқан еді. Оның саны соншалық ауырлады, тіпті менің санымды жаншып жібере ме деп қорықтым. Біраздан кейін оның бойынан уахидің ауырлығы басылды. Аса үстем әрі ұлы Алла: “Үзірі барлардан басқалары” (“Ниса”, 95) деген сөздерді түсірді».