Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1232

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
12. Мұсылманды өлтірген кәпірдің кейін исламды қабылдап, дұрыс амал жасап, ақырында өзінің де өлтірілуі туралыبَابُ الْكَافِرِ يَقْتُلُ الْمُسْلِمَ، ثُمَّ يُسْلِمُ فَيُسَدِّدُ بَعْدُ وَيُقْتَلُ
Нөмірі
№ 1232 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2827
1232
Бұхари, № 1232 · Сахих: 2827Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَهُوَ بِخَيْبَرَ بَعْدَمَا افْتَتَحُوهَا، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَسْهِمْ لِي». فَقَالَ بَعْضُ بَنِي سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ: «لَا تُسْهِمْ لَهُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ». فَقَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: «هَذَا قَاتِلُ ابْنِ قَوْقَلٍ».

فَقَالَ ابْنُ سَعِيدِ بْنِ الْعَاصِ: «وَاعَجَبًا لِوَبْرٍ تَدَلَّى عَلَيْنَا مِنْ قَدُومِ ضَأْنٍ، يَنْعَى عَلَيَّ قَتْلَ رَجُلٍ مُسْلِمٍ أَكْرَمَهُ اللَّهُ عَلَى يَدَيَّ وَلَمْ يُهِنِّي عَلَى يَدَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Хайбар жеңіп алынғаннан кейін, сол жерде болған Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Маған да олжадан үлес бөліңіз”, – дедім. Сонда Сағид ибн әл-Астың ұлдарының бірі: “Уа, Расулалла! Оған үлес бермеңіз”, – деді. Мен: “Бұл – Ибн Қауқалды өлтірген адам”, – дедім.

Сонда Сағид ибн әл-Астың ұлы: “Қадум Дәън тауынан бізге қарай түскен мына бір даманға таңғаламын! Ол маған Алла менің қолыммен құрметке бөлеген, ал мені оның қолымен қор етпеген бір мұсылманды өлтіргенімді мін етіп отыр”, – деді».