Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1227

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
8. Шайқас алдында ізгі амал жасау туралыبَابُ عَمَلٍ صَالِحٍ قَبْلَ الْقِتَالِ
Нөмірі
№ 1227 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2808
1227
Бұхари, № 1227 · Сахих: 2808Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى النَّبِيَّ ﷺ رَجُلٌ مُقَنَّعٌ بِالْحَدِيدِ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أُقَاتِلُ أَوْ أُسْلِمُ؟» قَالَ: «أَسْلِمْ ثُمَّ قَاتِلْ». فَأَسْلَمَ ثُمَّ قَاتَلَ فَقُتِلَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَمِلَ قَلِيلًا وَأُجِرَ كَثِيرًا».

Қазақша аудармасы

Әл-Бара (р.а.) былай деген: «Пайғамбарға (с.а.с.) темір сауыт киген бір кісі келіп: “Уа, Расулалла! Соғысайын ба, әлде исламды қабылдайын ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Әуелі исламды қабылда, содан кейін соғыс”, – деді. Әлгі кісі исламды қабылдап, содан соң шайқасып, қаза тапты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Аз амал жасап, мол сауапқа кенелді”, – деді».