Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1225

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
7. Алла Тағаланың: «Мүміндердің арасында Аллаға берген сертінде тұрған нағыз ерлер бар. Олардың кейбірі уәдесінде тұрып, жанын пида қылды. Енді біреуі күтуде. Олар серттерінен әсте тайған да, әуелгі қалыптарынан еш айныған да емес» («Ахзаб», 23) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿مِنَ الْمُؤْمِنِينَ رِجَالٌ صَدَقُوا مَا عَاهَدُوا اللَّهَ عَلَيْهِ فَمِنْهُمْ مَنْ قَضَىٰ نَحْبَهُ وَمِنْهُمْ مَنْ يَنْتَظِرُ وَمَا بَدَّلُوا تَبْدِيلًا﴾ [الْأَحْزَابِ: 23]
Нөмірі
№ 1225 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2806
1225
Бұхари, № 1225 · Сахих: 2806

وَقَالَ: إِنَّ أُخْتَهُ – وَهِيَ تُسَمَّى الرُّبَيِّعَ – كَسَرَتْ ثَنِيَّةَ امْرَأَةٍ، فَأَمَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِالْقِصَاصِ، فَقَالَ أَنَسٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ لَا تُكْسَرُ ثَنِيَّتُهَا». فَرَضُوا بِالْأَرْشِ وَتَرَكُوا الْقِصَاصَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ عِبَادِ اللَّهِ مَنْ لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ».

Қазақша аудармасы

Ол сөзін жалғап: «Оның әр-Рубәйиғ деп аталатын әпкесі бір әйелдің күрек тісін сындырды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қысас жасауды бұйырды. Әнәс ибн ән-Надр (р.а.): “Уа, Расулалла! Сізді ақиқатпен жіберген Заттың атымен ант етемін, оның күрек тісі сындырылмайды”, – деді. Жәбірленуші тарап өтемақыға келісіп, қысастан бас тартты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Алланың құлдарының арасында Алланың атымен ант етсе, Алла оның антын ақтайтын адамдар бар”, – деді», – деген.