Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1217

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
3. Алла жолындағы мүжәһидтердің дәрежелері туралыبَابُ دَرَجَاتِ الْمُجَاهِدِينَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ
Нөмірі
№ 1217 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2790
1217
Бұхари, № 1217 · Сахих: 2790Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَبِرَسُولِهِ وَأَقَامَ الصَّلَاةَ وَصَامَ رَمَضَانَ، كَانَ حَقًّا عَلَى اللَّهِ أَنْ يُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ، جَاهَدَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوْ جَلَسَ فِي أَرْضِهِ الَّتِي وُلِدَ فِيهَا».

فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا نُبَشِّرُ النَّاسَ؟» قَالَ: «إِنَّ فِي الْجَنَّةِ مِائَةَ دَرَجَةٍ أَعَدَّهَا اللَّهُ لِلْمُجَاهِدِينَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، مَا بَيْنَ الدَّرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ، فَإِذَا سَأَلْتُمُ اللَّهَ فَاسْأَلُوهُ الْفِرْدَوْسَ، فَإِنَّهُ أَوْسَطُ الْجَنَّةِ وَأَعْلَى الْجَنَّةِ» – أُرَاهُ – «فَوْقَهُ عَرْشُ الرَّحْمَنِ، وَمِنْهُ تَفَجَّرُ أَنْهَارُ الْجَنَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Кім Аллаға және Оның Елшісіне иман келтіріп, намазын толық орындап, рамазан оразасын ұстаса, Алланың оны жәннатқа кіргізуі хақ болады. Ол Алла жолында жиһад етсе де, өзі туған жерінде отырса да солай».

Сонда адамдар: «Уа, Расулалла! Осыны жұртқа сүйіншілейміз бе?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Расында, Алла жәннатта Өз жолындағы мүжәһидтерге арнап жүз дәреже әзірлеген. Әр екі дәреженің арасы аспан мен жердің арасындай. Сондықтан Алладан сұраған кездеріңде, Одан Фирдаусты сұраңдар. Өйткені ол – жәннаттың орталығы әрі ең биік мекені», – деді. Меніңше, ол (с.а.с.): «Оның үстінде әр-Рахманның Аршысы бар. Жәннаттың өзендері содан бастау алып ағады», – деп те айтты.