Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1214

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
1. Жиһад пен әскери жорықтардың артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
Нөмірі
№ 1214 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2785
1214
Бұхари, № 1214 · Сахих: 2785Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «دُلَّنِي عَلَى عَمَلٍ يَعْدِلُ الْجِهَادَ». قَالَ: «لَا أَجِدُهُ». قَالَ: «هَلْ تَسْتَطِيعُ إِذَا خَرَجَ الْمُجَاهِدُ أَنْ تَدْخُلَ مَسْجِدَكَ فَتَقُومَ وَلَا تَفْتُرَ، وَتَصُومَ وَلَا تُفْطِرَ؟» قَالَ: «وَمَنْ يَسْتَطِيعُ ذَلِكَ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Маған жиһадқа тең келетін бір амалды көрсетіңізші”, – деді. Ол (с.а.с.): “Ондай амал таба алмаймын”, – деді. Содан кейін: “Мүжәһид жорыққа аттанған кезде мешітіңе кіріп, бір сәт босаңсымастан намаз оқуға әрі ауыз ашпастан үздіксіз ораза ұстауға шамаң жете ме?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Мұны кім істей алады?” – деді».