Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1210

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
55. Өсиеттер туралы кітапكِتَابُ الْوَصَايَا
бап
5. Алла Тағаланың: «Жетімдердің мал-мүлкін зұлымдықпен жейтіндер, расында, қарындарына от толтырады. Олар жалындаған отқа күйеді» («Ниса», 10) деген сөзі туралыبَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَأْكُلُونَ أَمْوَالَ الْيَتَامَى ظُلْمًا إِنَّمَا يَأْكُلُونَ فِي بُطُونِهِمْ نَارًا وَسَيَصْلَوْنَ سَعِيرًا﴾ [النِّسَاءِ: 10]
Нөмірі
№ 1210 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2766
1210
Бұхари, № 1210 · Сахих: 2766Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اِجْتَنِبُوا السَّبْعَ الْمُوبِقَاتِ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا هُنَّ؟» قَالَ: «الشِّرْكُ بِاللَّهِ، وَالسِّحْرُ، وَقَتْلُ النَّفْسِ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ، وَأَكْلُ الرِّبَا، وَأَكْلُ مَالِ الْيَتِيمِ، وَالتَّوَلِّي يَوْمَ الزَّحْفِ، وَقَذْفُ الْمُحْصَنَاتِ الْمُؤْمِنَاتِ الْغَافِلَاتِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Адамды құрдымға ұшырататын жеті күнәдан сақтаныңдар», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Олар қандай күнәлар?» – деп сұрады. Ол: «Аллаға серік қосу, сиқыр жасау, Алла өлтіруге тыйым салған жанды нақақтан-нақақ өлтіру, өсім жеу, жетімнің мал-мүлкін жеу, шайқас кезінде жаудан қашу және ар-намысын сақтаған, иманды, күнәдан бейхабар әйелдерге зина жасады деп жала жабу», – деді.