Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1197

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
53. Бітім туралы кітапكِتَابُ الصُّلْحِ
бап
5. Басшының бітімге келуді ұсынуы туралыبَابُ هَلْ يُشِيرُ الْإِمَامُ بِالصُّلْحِ؟
Нөмірі
№ 1197 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2705
1197
Бұхари, № 1197 · Сахих: 2705Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَمِعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَوْتَ خُصُومٍ بِالْبَابِ عَالِيَةٍ أَصْوَاتُهُمَا، وَإِذَا أَحَدُهُمَا يَسْتَوْضِعُ الْآخَرَ وَيَسْتَرْفِقُهُ فِي شَيْءٍ، وَهُوَ يَقُولُ: «وَاللَّهِ لَا أَفْعَلُ»، فَخَرَجَ عَلَيْهِمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَيْنَ الْمُتَأَلِّي عَلَى اللَّهِ، لَا يَفْعَلُ الْمَعْرُوفَ؟» فَقَالَ: «أَنَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَلَهُ أَيُّ ذَلِكَ أَحَبَّ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) есіктің сыртында дауласып, дауыстары көтерілген екі адамның үнін естіді. Олардың бірі екіншісінен қарызының бір бөлігін кешіріп, оны өтеуде жеңілдік жасауын сұрап жатты. Ал екіншісі: “Алланың атымен ант етемін! Мұны істемеймін”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) олардың алдына шығып: “Аллаға ант етіп, жақсылық жасамаймын деп тұрған кім?” – деді. Әлгі адам: “Мен, уа, Расулалла! Енді ол осы екеуінің қайсысын қаласа да, соны жасаймын”, – деді».