عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَلَا أُنَبِّئُكُمْ بِأَكْبَرِ الْكَبَائِرِ؟» ثَلَاثًا. قَالُوا: «بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «الْإِشْرَاكُ بِاللَّهِ وَعُقُوقُ الْوَالِدَيْنِ». وَجَلَسَ – وَكَانَ مُتَّكِئًا – فَقَالَ: «أَلَا وَقَوْلُ الزُّورِ». قَالَ: فَمَا زَالَ يُكَرِّرُهَا حَتَّى قُلْنَا: «لَيْتَهُ سَكَتَ».
Әбу Бәкрә (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) үш рет: “Сендерге ең үлкен күнәлардың не екенін айтып берейін бе?” – деді. Олар: “Әрине, уа, Расулалла!” – деді. Ол: “Аллаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу”, – деді. Ол сүйеніп отырған еді. Содан кейін бойын тіктеп отырды да: “Біліп қойыңдар! Жалған сөз айту”, – деді». Әбу Бәкрә: «Ол осы сөзді қайта-қайта айта бергені соншалық, біз: “Әттең, тоқтаса екен”, – дедік», – деген.