عَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ بِذِي الْحُلَيْفَةِ، فَأَصَابَ النَّاسَ جُوعٌ، فَأَصَابُوا إِبِلًا وَغَنَمًا. قَالَ: وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ فِي أُخْرَيَاتِ الْقَوْمِ، فَعَجِلُوا وَذَبَحُوا وَنَصَبُوا الْقُدُورَ، فَأَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ بِالْقُدُورِ فَأُكْفِئَتْ.
ثُمَّ قَسَمَ فَعَدَلَ عَشَرَةً مِنَ الْغَنَمِ بِبَعِيرٍ، فَنَدَّ مِنْهَا بَعِيرٌ، فَطَلَبُوهُ فَأَعْيَاهُمْ، وَكَانَ فِي الْقَوْمِ خَيْلٌ يَسِيرَةٌ، فَأَهْوَى رَجُلٌ مِنْهُمْ بِسَهْمٍ فَحَبَسَهُ اللَّهُ. ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ لِهَذِهِ الْبَهَائِمِ أَوَابِدَ كَأَوَابِدِ الْوَحْشِ، فَمَا غَلَبَكُمْ مِنْهَا فَاصْنَعُوا بِهِ هَكَذَا».
فَقُلْتُ: «إِنَّا نَرْجُو الْعَدُوَّ غَدًا، وَلَيْسَتْ مَعَنَا مُدًى، أَفَنَذْبَحُ بِالْقَصَبِ؟» قَالَ: «مَا أَنْهَرَ الدَّمَ وَذُكِرَ اسْمُ اللَّهِ عَلَيْهِ فَكُلُوهُ؛ لَيْسَ السِّنَّ وَالظُّفُرَ، وَسَأُحَدِّثُكُمْ عَنْ ذَلِكَ: أَمَّا السِّنُّ فَعَظْمٌ، وَأَمَّا الظُّفُرُ فَمُدَى الْحَبَشَةِ».
Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Зүл-Хуләйфада едік. Адамдар аштыққа ұшырады. Содан кейін олар түйелер мен ұсақ малға қол жеткізді. Пайғамбар (с.а.с.) адамдардың соңғы жағында келе жатқан еді. Олар асығыстық жасап, малдарды сойып, қазандарын асып қойды. Сонда Пайғамбардың (с.а.с.) бұйрығымен қазандар төңкерілді.
Кейін ол малдарды бөліп, он ұсақ малды бір түйеге теңестірді. Сол кезде түйелердің бірі қашып кетті. Адамдар оны қуып ұстауға тырысты, бірақ шамалары келмеді. Олардың арасында ат аз еді. Сонда бір адам түйеге қарай жебе атты да, Алла оны тоқтатты. Осыдан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, бұл малдардың арасында жабайы аңдар секілді қашып кететіндері болады. Егер олардың бірі сендерге бой бермей кетсе, осылай істеңдер”, – деді.
Мен: “Біз ертең жаумен кездесеміз деп күтіп отырмыз, алайда бізде пышақ жоқ. Қамыспен бауыздауымызға бола ма?” – деп сұрадым. Пайғамбар (с.а.с.): “Қанын ағызатын құралмен сойылған әрі Алланың аты аталған малды жеңдер. Бірақ тіс пен тырнақты қолданбаңдар. Мұның себебін сендерге айтайын: тіс – сүйек, ал тырнақ – хабаштардың пышағы”, – деді».