Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1110

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
42. Мұсақат кітабыكِتَابُ الْمُسَاقَاةِ
бап
11. Адамның бақта немесе құрма бағында өту жолы не суару үлесі болуы туралыبَابُ الرَّجُلِ يَكُونُ لَهُ مَمَرٌّ أَوْ شِرْبٌ فِي حَائِطٍ أَوْ نَخْلٍ
Нөмірі
№ 1110 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2379
1110
Бұхари, № 1110 · Сахих: 2379Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنِ ابْتَاعَ نَخْلًا بَعْدَ أَنْ تُؤَبَّرَ فَثَمَرَتُهَا لِلْبَائِعِ إِلَّا أَنْ يَشْتَرِطَ الْمُبْتَاعُ، وَمَنِ ابْتَاعَ عَبْدًا وَلَهُ مَالٌ فَمَالُهُ لِلَّذِي بَاعَهُ إِلَّا أَنْ يَشْتَرِطَ الْمُبْتَاعُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім қолдан тозаңдандырылған құрма ағаштарын сатып алса, сатып алушы жемістің өзіне тиесілі болуын шарт етпеген жағдайда, оның жемісі сатушыға тиесілі болады. Ал кім мал-мүлкі бар құлды сатып алса, сатып алушы сол мал-мүліктің өзіне тиесілі болуын шарт етпеген жағдайда, құлдың мал-мүлкі сатушыға тиесілі болады”, – дегенін естідім», – деген.