Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1103

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
42. Мұсақат кітабыكِتَابُ الْمُسَاقَاةِ
бап
5. Су берудің артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ سَقْيِ الْمَاءِ
Нөмірі
№ 1103 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2363
1103
Бұхари, № 1103 · Сахих: 2363Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا رَجُلٌ يَمْشِي فَاشْتَدَّ عَلَيْهِ الْعَطَشُ، فَنَزَلَ بِئْرًا فَشَرِبَ مِنْهَا، ثُمَّ خَرَجَ فَإِذَا هُوَ بِكَلْبٍ يَلْهَثُ يَأْكُلُ الثَّرَى مِنَ الْعَطَشِ، فَقَالَ: “لَقَدْ بَلَغَ هَذَا مِثْلُ الَّذِي بَلَغَ بِي”، فَمَلَأَ خُفَّهُ، ثُمَّ أَمْسَكَهُ بِفِيهِ، ثُمَّ رَقِيَ فَسَقَى الْكَلْبَ. فَشَكَرَ اللَّهُ لَهُ فَغَفَرَ لَهُ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَإِنَّ لَنَا فِي الْبَهَائِمِ أَجْرًا؟» قَالَ: «فِي كُلِّ كَبِدٍ رَطْبَةٍ أَجْرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бір адам жолда келе жатып қатты шөлдеді. Ол бір құдыққа түсіп, су ішті. Құдықтан шыққан кезде шөлден тілін салақтатып, дымқыл топырақты жалап тұрған бір итті көрді. Сонда ол: ‘Бұл ит те мен секілді қатты шөлдеген екен’, – деді. Содан кейін құдыққа қайта түсіп, мәсісін суға толтырды да, оны аузына тістеп ұстап, жоғары көтерілді. Кейін итке су берді. Алла оның бұл ісіне разы болып, күнәсін кешірді”, – деді. Сахабалар: “Уа, Расулалла! Жануарларға жасаған жақсылығымыз үшін де бізге сауап беріле ме?” – деп сұрады. Ол: “Әрбір тірі жанға жасалған жақсылық үшін сауап бар”, – деді», – деп жеткізген.