Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1097

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
42. Мұсақат кітабыكِتَابُ الْمُسَاقَاةِ
бап
1. Су ішу туралыبَابٌ فِي الشُّرْبِ
Нөмірі
№ 1097 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2351
1097
Бұхари, № 1097 · Сахих: 2351Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِقَدَحٍ فَشَرِبَ مِنْهُ، وَعَنْ يَمِينِهِ غُلَامٌ أَصْغَرُ الْقَوْمِ، وَالْأَشْيَاخُ عَنْ يَسَارِهِ، فَقَالَ: «يَا غُلَامُ، أَتَأْذَنُ لِي أَنْ أُعْطِيَهُ الْأَشْيَاخَ؟» قَالَ: «مَا كُنْتُ لِأُوثِرَ بِفَضْلِي مِنْكَ أَحَدًا، يَا رَسُولَ اللَّهِ». فَأَعْطَاهُ إِيَّاهُ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.): «Пайғамбарға (с.а.с.) бір тостаған әкелінді. Ол одан ішті. Оң жағында сол жердегілердің ең жасы болған бір бала, ал сол жағында үлкен кісілер отырған еді. Сонда ол: “Уа, бала! Мұны үлкендерге беруге маған рұқсат етесің бе?” – деп сұрады. Бала: “Уа, Расулалла! Сізден маған тиетін үлесті ешкімге бере алмаймын”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) тостағанды оған берді», – деп жеткізді.