Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1095

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
41. Мұзараға кітабыكِتَابُ الْمُزَارَعَةِ
бап
11. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларының егіншілік пен жеміс өнімінде бір-біріне жәрдемдесуі туралыبَابُ مَا كَانَ مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ يُوَاسِي بَعْضُهُمْ بَعْضًا فِي الزِّرَاعَةِ وَالثَّمَرَةِ
Нөмірі
№ 1095 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2345
1095
Бұхари, № 1095 · Сахих: 2345Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ: «كُنْتُ أَعْلَمُ فِي عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّ الْأَرْضَ تُكْرَى». ثُمَّ خَشِيَ عَبْدُ اللَّهِ أَنْ يَكُونَ النَّبِيُّ ﷺ قَدْ أَحْدَثَ فِي ذَلِكَ شَيْئًا لَمْ يَكُنْ يَعْلَمُهُ، فَتَرَكَ كِرَاءَ الْأَرْضِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) дәуірінде жердің жалға беріліп жүргенін білетінмін». Кейін Абдулла Пайғамбардың (с.а.с.) бұл мәселеге қатысты өзі білмейтін бір үкім шығарған болуы мүмкін деп қауіптеніп, жерді жалға беруді тоқтатты.