Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1072

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
39. Қарызды басқаға аудару туралы кітапكِتَابُ الْحَوَالَاتِ
бап
4. Қайтыс болған адамның қарызын өтеуге кепіл болған кісінің кейін төлегенін қайтаруды талап етуге құқығы жоқтығы туралыبَابُ مَنْ تَكَفَّلَ عَنْ مَيِّتٍ دَيْنًا فَلَيْسَ لَهُ أَنْ يَرْجِعَ
Нөмірі
№ 1072 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2296
1072
Бұхари, № 1072 · Сахих: 2296Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَوْ قَدْ جَاءَ مَالُ الْبَحْرَيْنِ قَدْ أَعْطَيْتُكَ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا»، فَلَمْ يَجِئْ مَالُ الْبَحْرَيْنِ حَتَّى قُبِضَ النَّبِيُّ ﷺ، فَلَمَّا جَاءَ مَالُ الْبَحْرَيْنِ أَمَرَ أَبُو بَكْرٍ فَنَادَى: «مَنْ كَانَ لَهُ عِنْدَ النَّبِيِّ ﷺ عِدَةٌ أَوْ دَيْنٌ فَلْيَأْتِنَا»، فَأَتَيْتُهُ فَقُلْتُ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لِي: كَذَا وَكَذَا»، فَحَثَى لِي حَثْيَةً فَعَدَدْتُهَا، فَإِذَا هِيَ خَمْسُ مِائَةٍ، وَقَالَ: «خُذْ مِثْلَيْهَا».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Егер Бахрейннің малы келсе, саған былай да, былай да, былай да берер едім”, – деді. Алайда Бахрейннің малы Пайғамбар (с.а.с.) дүние салғанға дейін келмеді. Бахрейннің малы келген кезде, Әбу Бәкір жаршыға: “Пайғамбар (с.а.с.) кімге бір нәрсе беруге уәде еткен немесе қарыз болса, бізге келсін”, – деп жариялауды бұйырды. Мен оған барып: “Пайғамбар (с.а.с.) маған былай да, былай да, былай да беретінін айтқан еді”, – дедім. Сонда ол маған қосуыстап ақша берді. Мен оны санағанымда, бес жүз болып шықты. Кейін ол: “Осының екі есесін тағы ал”, – деді», – деп жеткізді.