Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1055

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
55. Азат адамды сатқан кісінің күнәсі туралыبَابُ إِثْمِ مَنْ بَاعَ حُرًّا
Нөмірі
№ 1055 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2227
1055
Бұхари, № 1055 · Сахих: 2227Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: “ثَلَاثَةٌ أَنَا خَصْمُهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: رَجُلٌ أَعْطَى بِي ثُمَّ غَدَرَ، وَرَجُلٌ بَاعَ حُرًّا فَأَكَلَ ثَمَنَهُ، وَرَجُلٌ اِسْتَأْجَرَ أَجِيرًا فَاسْتَوْفَى مِنْهُ وَلَمْ يُعْطِ أَجْرَهُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Ұлы Алла былай деді: “Қиямет күні үш адамның қарсыласы Өзім боламын: Менің атыммен уәде беріп, кейін уәдесін бұзған адам; азат адамды сатып, оның ақшасын жеген адам; жұмысшыны жалдап, жұмысын толық істетіп алғанымен, ақысын бермеген адам”», – деген.