Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1048

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
48. Құрмасын одан сапалырақ құрмаға айырбастағысы келген адам туралыبَابُ إِذَا أَرَادَ بَيْعَ تَمْرٍ بِتَمْرٍ خَيْرٍ مِنْهُ
Нөмірі
№ 1048 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2201, 2202
1048
Бұхари, № 1048 · Сахих: 2201, 2202

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ وَأَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ اِسْتَعْمَلَ رَجُلًا عَلَى خَيْبَرَ، فَجَاءَهُ بِتَمْرٍ جَنِيبٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَكُلُّ تَمْرِ خَيْبَرَ هَكَذَا؟» قَالَ: «لَا، وَاللَّهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا لَنَأْخُذُ الصَّاعَ مِنْ هَذَا بِالصَّاعَيْنِ، وَالصَّاعَيْنِ بِالثَّلَاثَةِ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَفْعَلْ. بِعْ الْجَمْعَ بِالدَّرَاهِمِ، ثُمَّ اِبْتَعْ بِالدَّرَاهِمِ جَنِيبًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бір адамды Хайбарға жауапты қызметкер етіп тағайындаған еді. Ол Алла Елшісіне (с.а.с.) сапалы жаниб құрмасын алып келді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Хайбардың барлық құрмасы осындай ма?» – деп сұрады. Әлгі адам: «Жоқ, Алланың атымен ант етемін, уа, Расулалла! Біз мұның бір сағын басқа құрманың екі сағына, ал екі сағын үш сағына айырбастап аламыз», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұлай істеме. Аралас құрманы дирхамға сат та, содан кейін сол дирхамға жаниб құрмасын сатып ал», – деді.