Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1038

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
41. Күмісті күміске сату туралыبَابُ بَيْعِ الْفِضَّةِ بِالْفِضَّةِ
Нөмірі
№ 1038 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2177
1038
Бұхари, № 1038 · Сахих: 2177Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا تَبِيعُوا الذَّهَبَ بِالذَّهَبِ إِلَّا مِثْلًا بِمِثْلٍ، وَلَا تُشِفُّوا بَعْضَهَا عَلَى بَعْضٍ، وَلَا تَبِيعُوا الْوَرِقَ بِالْوَرِقِ إِلَّا مِثْلًا بِمِثْلٍ، وَلَا تُشِفُّوا بَعْضَهَا عَلَى بَعْضٍ، وَلَا تَبِيعُوا مِنْهَا غَائِبًا بِنَاجِزٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Алтынды алтынға тек теңбе-тең етіп сатыңдар әрі бірін екіншісінен артық етпеңдер. Күмісті күміске де тек теңбе-тең етіп сатыңдар әрі бірін екіншісінен артық етпеңдер. Сондай-ақ олардың қолда жоғын қолма-қол барына сатпаңдар», – дегенін жеткізді.