Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1030

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
33. Белгісіздігі бар ғарар саудасы және құрсақтағы төлдің төліне қатысты сауда туралыبَابُ بَيْعِ الْغَرَرِ وَحَبَلِ الْحَبَلَةِ
Нөмірі
№ 1030 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2143
1030
Бұхари, № 1030 · Сахих: 2143Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنْ بَيْعِ حَبَلِ الْحَبَلَةِ، وَكَانَ بَيْعًا يَتَبَايَعُهُ أَهْلُ الْجَاهِلِيَّةِ، كَانَ الرَّجُلُ يَبْتَاعُ الْجَزُورَ إِلَى أَنْ تُنْتَجَ النَّاقَةُ، ثُمَّ تُنْتَجُ الَّتِي فِي بَطْنِهَا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) құрсақтағы төлдің төліне қатысты саудаға тыйым салған. Бұл – жаһилия дәуіріндегі адамдар жасайтын сауда түрі еді. Онда бір адам түйені ақысын буаз інген төлдеп, одан туған ұрғашы төл де төлдеген кезде беретін болып сатып алатын.