Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1002

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
35. Сауда-саттық кітабыكِتَابُ الْبُيُوعِ
бап
12. Дәулетті адамға мерзім берген адам туралыبَابُ مَنْ أَنْظَرَ مُوسِرًا
Нөмірі
№ 1002 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2077
1002
Бұхари, № 1002 · Сахих: 2077Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «تَلَقَّتِ الْمَلَائِكَةُ رُوحَ رَجُلٍ مِمَّنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، قَالُوا: “أَعَمِلْتَ مِنَ الْخَيْرِ شَيْئًا؟” قَالَ: “كُنْتُ آمُرُ فِتْيَانِي أَنْ يُنْظِرُوا الْمُعْسِرَ وَيَتَجَاوَزُوا عَنِ الْمُوسِرِ”، فَتَجَاوَزَ اللَّهُ عَنْهُ».

Қазақша аудармасы

Хузәйфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Сендерден бұрын өмір сүрген бір адамның жанын періштелер қабылдап алды. Олар: ‘Қандай да бір ізгі амал жасадың ба?’ – деп сұрады. Ол: ‘Мен қызметшілеріме қарызын өтеуге шамасы келмейтін адамға мұрсат беріп, дәулетті адамға кеңшілік жасауды бұйыратынмын’, – деді. Сонда Алла оны кешірді”, – деген».