عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَا عِنْدَنَا شَيْءٌ إِلَّا كِتَابُ اللَّهِ تَعَالَى، وَهَذِهِ الصَّحِيفَةُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ: “الْمَدِينَةُ حَرَمٌ مَا بَيْنَ عَائِرٍ إِلَى كَذَا. مَنْ أَحْدَثَ فِيهَا حَدَثًا أَوْ آوَى مُحْدِثًا فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يُقْبَلُ مِنْهُ صَرْفٌ وَلَا عَدْلٌ”.
وَقَالَ: “ذِمَّةُ الْمُسْلِمِينَ وَاحِدَةٌ، فَمَنْ أَخْفَرَ مُسْلِمًا فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يُقْبَلُ مِنْهُ صَرْفٌ وَلَا عَدْلٌ.
وَمَنْ تَوَلَّى قَوْمًا بِغَيْرِ إِذْنِ مَوَالِيهِ فَعَلَيْهِ لَعْنَةُ اللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ، لَا يُقْبَلُ مِنْهُ صَرْفٌ وَلَا عَدْلٌ”».
Әли (р.а.) былай деген: «Біздің қолымызда Алланың Кітабы мен Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен мына жазбадан басқа ешнәрсе жоқ: “Мәдина – Айр тауынан пәлен жерге дейінгі аралықты қамтитын қасиетті аумақ. Кім онда қылмыс жасаса немесе қылмыс жасаған адамды паналатса, оған Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті болсын. Оның ешбір тәубесі де, өтемі де қабыл болмайды.
Мұсылмандардың қорғау кепілдігі біртұтас. Кім мұсылман берген қорғау кепілдігін бұзса, оған Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті болсын. Оның ешбір тәубесі де, өтемі де қабыл болмайды.
Кім өзін азат еткен қожайындарының рұқсатынсыз басқа бір қауымды өзіне қамқоршы тұтса, оған Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті болсын. Оның ешбір тәубесі де, өтемі де қабыл болмайды”».