Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 907

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
29. Аң аулаудың өтемі туралы кітапكِتَابُ جَزَاءِ الصَّيْدِ
бап
14. Қағбаға жаяу баруға нәзір еткен адам туралыبَابُ مَنْ نَذَرَ الْمَشْيَ إِلَى الْكَعْبَةِ
Нөмірі
№ 907 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1865
907
Бұхари, № 907 · Сахих: 1865Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ رَأَى شَيْخًا يُهَادَى بَيْنَ ابْنَيْهِ، قَالَ: «مَا بَالُ هَذَا؟» قَالُوا: «نَذَرَ أَنْ يَمْشِيَ». قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ عَنْ تَعْذِيبِ هَذَا نَفْسَهُ لَغَنِيٌّ»، وَأَمَرَهُ أَنْ يَرْكَبَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) екі ұлының ортасында соларға сүйеніп келе жатқан қарт кісіні көріп: “Мына кісіге не болған?” – деп сұрады. Олар: “Ол жаяу жүруге нәзір еткен”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, Алла бұл адамның өзін-өзі қинауына мұқтаж емес”, – деді де, оған көлікке мінуді бұйырды», – деп жеткізді.