Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 896

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
29. Аң аулаудың өтемі туралы кітапكِتَابُ جَزَاءِ الصَّيْدِ
бап
5. Ихрамдағы адамға өлтіруге рұқсат етілген жануарлар туралыبَابُ مَا يَقْتُلُ الْمُحْرِمُ مِنَ الدَّوَابِّ
Нөмірі
№ 896 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1830
896
Бұхари, № 896 · Сахих: 1830

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَمَا نَحْنُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي غَارٍ بِمِنًى، إِذْ نَزَلَ عَلَيْهِ: ﴿وَالْمُرْسَلَاتِ عُرْفًا﴾ [الْمُرْسَلَاتِ: 1]، وَإِنَّهُ لَيَتْلُوهَا، وَإِنِّي لَأَتَلَقَّاهَا مِنْ فِيهِ، وَإِنَّ فَاهُ لَرَطْبٌ بِهَا، إِذْ وَثَبَتْ عَلَيْنَا حَيَّةٌ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اُقْتُلُوهَا»، فَابْتَدَرْنَاهَا، فَذَهَبَتْ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «وُقِيَتْ شَرَّكُمْ كَمَا وُقِيتُمْ شَرَّهَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Минадағы бір үңгірде болғанымызда оған “Бірінен кейін бірі жіберілген желдерге серт!” (“Мурсәләт”, 1) деп басталатын сүре түсті. Ол сүрені оқып отырды. Мен оның аузынан жаңа ғана шыққан аяттарды сол сәтте естіп, жаттап алып отырдым. Сол кезде бізге қарай бір жылан шыға келді. Пайғамбар (с.а.с.): “Оны өлтіріңдер”, – деді. Біз оны өлтіруге жарыса ұмтылғанымызда, ол қашып кетті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Алла сендерді оның кесірінен сақтағаны секілді, оны да сендердің кесірлеріңнен сақтады”, – деді».