Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 877

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
27. Умра кітабыكِتَابُ الْعُمْرَةِ
бап
4. Танғимнен умра жасау туралыبَابُ عُمْرَةِ التَّنْعِيمِ
Нөмірі
№ 877 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1785
877
Бұхари, № 877 · Сахих: 1785Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Әбу Бәкір

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَمَرَهُ أَنْ يُرْدِفَ عَائِشَةَ وَيُعْمِرَهَا مِنَ التَّنْعِيمِ، وَأَنَّ سُرَاقَةَ بْنَ مَالِكِ بْنِ جُعْشُمٍ لَقِيَ النَّبِيَّ ﷺ بِالْعَقَبَةِ وَهُوَ يَرْمِيهَا، فَقَالَ: «أَلَكُمْ هَذِهِ خَاصَّةً، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «لَا، بَلْ لِلْأَبَدِ».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Әбу Бәкірдің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) оған Айшаны көлігінің артына мінгестіріп, Танғимнен умра жасатуды бұйырған. Сурақа ибн Мәлик ибн Жуғшум Пайғамбар (с.а.с.) Ақаба жәмрасына тас лақтырып тұрған кезде келіп: «Уа, Расулалла! Бұл үкім тек сіздерге ғана тән бе?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ, бұл үкім мәңгілікке жалғасады», – деді.