Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 859

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
65. Ихрамнан шығарда шашты тақырлап қыру және қысқарту туралыبَابُ الْحَلْقِ وَالتَّقْصِيرِ عِنْدَ الْإِحْلَالِ
Нөмірі
№ 859 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1727
859
Бұхари, № 859 · Сахих: 1727Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «اللَّهُمَّ، اِرْحَمِ الْمُحَلِّقِينَ». قَالُوا: «وَالْمُقَصِّرِينَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «اللَّهُمَّ، اِرْحَمِ الْمُحَلِّقِينَ». قَالُوا: «وَالْمُقَصِّرِينَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «وَالْمُقَصِّرِينَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Шашын тақырлап алдырғандарға рақым ете гөр!» – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Шашын қысқартқандарға да», – деді. Ол тағы да: «Уа, Алла! Шашын тақырлап алдырғандарға рақым ете гөр!» – деді. Олар: «Уа, Расулалла! Шашын қысқартқандарға да», – деді. Сонда ол: «Шашын қысқартқандарға да», – деді.