Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 834

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
26. Қажылық кітабыكِتَابُ الْحَجِّ
бап
43. Хайыздағы әйелдің Қағбаны тауап етуден басқа барлық қажылық рәсімдерін орындайтыны және Сафа мен Мәруаның арасында дәретсіз сағи жасау туралыبَابُ تَقْضِي الْحَائِضُ الْمَنَاسِكَ كُلَّهَا إِلَّا الطَّوَافَ بِالْبَيْتِ وَإِذَا سَعَى عَلَى غَيْرِ وُضُوءٍ بَيْنَ الصَّفَا وَالْمَرْوَةِ
Нөмірі
№ 834 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1651
834
Бұхари, № 834 · Сахих: 1651Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: أَهَلَّ النَّبِيُّ ﷺ هُوَ وَأَصْحَابُهُ بِالْحَجِّ، وَلَيْسَ مَعَ أَحَدٍ مِنْهُمْ هَدْيٌ غَيْرَ النَّبِيِّ ﷺ وَطَلْحَةَ، وَقَدِمَ عَلِيٌّ مِنَ الْيَمَنِ وَمَعَهُ هَدْيٌ، فَقَالَ: «أَهْلَلْتُ بِمَا أَهَلَّ بِهِ النَّبِيُّ ﷺ»، فَأَمَرَ النَّبِيُّ ﷺ أَصْحَابَهُ أَنْ يَجْعَلُوهَا عُمْرَةً، وَيَطُوفُوا ثُمَّ يُقَصِّرُوا وَيَحِلُّوا إِلَّا مَنْ كَانَ مَعَهُ الْهَدْيُ،

فَقَالُوا: «نَنْطَلِقُ إِلَى مِنًى وَذَكَرُ أَحَدِنَا يَقْطُرُ؟» فَبَلَغَ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «لَوِ اِسْتَقْبَلْتُ مِنْ أَمْرِي مَا اِسْتَدْبَرْتُ مَا أَهْدَيْتُ، وَلَوْلَا أَنَّ مَعِي الْهَدْيَ لَأَحْلَلْتُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабалары қажылыққа тәлбия айтып, ихрамға кірді. Пайғамбар (с.а.с.) мен Талхадан басқа ешкімнің жанында құрбандық малы жоқ еді. Әли Йеменнен құрбандық малын алып келіп: “Пайғамбар (с.а.с.) қандай ниетпен тәлбия айтып, ихрамға кірсе, мен де сол ниетпен кірдім”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына қажылықтарын умраға айналдырып, Қағбаны тауап етуді, содан кейін шаштарын қысқартып, ихрамнан шығуды бұйырды. Тек құрбандық малы бар адам ғана ихрамнан шықпайтын болды.

Сонда олар: “Минаға әрқайсымыздың еркектік мүшемізден шәует тамшылап тұрған күйде барамыз ба?” – десті. Бұл сөз Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол: “Егер кейін білгенімді әуелден білгенімде, құрбандық малын алып келмес едім. Жанымда құрбандық малым болмағанда, мен де ихрамнан шығар едім”, – деді».