عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ أَبَا بَكْرٍ الصِّدِّيقَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بَعَثَهُ فِي الْحَجَّةِ الَّتِي أَمَّرَهُ عَلَيْهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَبْلَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ يَوْمَ النَّحْرِ فِي رَهْطٍ يُؤَذِّنُ فِي النَّاسِ: «أَلَا لَا يَحُجُّ بَعْدَ الْعَامِ مُشْرِكٌ، وَلَا يَطُوفُ بِالْبَيْتِ عُرْيَانٌ».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) Қоштасу қажылығынан бұрынғы қажылықта Әбу Бәкір әс-Сыддықты (р.а.) қажыларға басшы етіп тағайындаған еді. Сол қажылықта Құрбан айт күні Әбу Бәкір Әбу Һурайраны бір топ адаммен бірге жұртқа былай деп жар салуға жіберген: «Біліп қойыңдар! Осы жылдан кейін Аллаға серік қосушылар қажылық жасамасын әрі ешкім Қағбаны жалаңаш күйде тауап етпесін!»