عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ أَرَادَ قُدُومَ مَكَّةَ: «مَنْزِلُنَا غَدًا، إِنْ شَاءَ اللَّهُ، بِخَيْفِ بَنِي كِنَانَةَ، حَيْثُ تَقَاسَمُوا عَلَى الْكُفْرِ». يَعْنِي ذَلِكَ الْمُحَصَّبَ، وَذَلِكَ أَنَّ قُرَيْشًا وَكِنَانَةَ تَحَالَفَتْ عَلَى بَنِي هَاشِمٍ وَبَنِي الْمُطَّلِبِ أَنْ لَا يُنَاكِحُوهُمْ وَلَا يُبَايِعُوهُمْ، حَتَّى يُسْلِمُوا إِلَيْهِمُ النَّبِيَّ ﷺ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеге кірмек болған кезде: “Алла қаласа, ертең күпірлік жолында өзара анттасқан Кинана ұлдарының Хайфында тоқтаймыз”, – деді». Мұнымен Мухассабты меңзеген. Өйткені Құрайыш пен Кинана тайпалары Һашим ұлдары мен Мутталиб ұлдарына қарсы одақ құрып, олар Пайғамбарды (с.а.с.) өздеріне тапсырмайынша, олармен қыз алысып-беріспеуге және сауда-саттық жасаспауға келіскен еді.