Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 705

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
49. Пайғамбар (с.а.с.), Әбу Бәкір және Омардың (р.а.) қабірлеріне қатысты риуаяттар туралыبَابُ مَا جَاءَ فِي قَبْرِ النَّبِيِّ ﷺ وَأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا
Нөмірі
№ 705 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1389
705
Бұхари, № 705 · Сахих: 1389Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: إِنْ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيَتَعَذَّرُ فِي مَرَضِهِ: «أَيْنَ أَنَا الْيَوْمَ؟ أَيْنَ أَنَا غَدًا؟» اِسْتِبْطَاءً لِيَوْمِ عَائِشَةَ، فَلَمَّا كَانَ يَوْمِي، قَبَضَهُ اللَّهُ بَيْنَ سَحْرِي وَنَحْرِي وَدُفِنَ فِي بَيْتِي.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) науқастанған кезінде менің кезегім келетін күнді асыға күтіп: “Бүгін мен қайдамын? Ертең қайда боламын?” – деп сұрай беретін. Менің кезегім келген күні Алла оның жанын кеудеме сүйеніп жатқанда алды әрі ол менің үйіме жерленді».