Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 693

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
42. Адамдардың мәйіт туралы жақсы не жаман пікір білдіруі туралыبَابُ ثَنَاءِ النَّاسِ عَلَى الْمَيِّتِ
Нөмірі
№ 693 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1368
693
Бұхари, № 693 · Сахих: 1368Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَيُّمَا مُسْلِمٍ شَهِدَ لَهُ أَرْبَعَةٌ بِخَيْرٍ أَدْخَلَهُ اللَّهُ الْجَنَّةَ». فَقُلْنَا: «وَثَلَاثَةٌ؟» قَالَ: «وَثَلَاثَةٌ». فَقُلْنَا: «وَاثْنَانِ؟» قَالَ: «وَاثْنَانِ». ثُمَّ لَمْ نَسْأَلْهُ عَنِ الْوَاحِدِ.

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қандай да бір мұсылманның жақсы адам болғанына төрт кісі куәлік етсе, Алла оны жәннатқа кіргізеді”, – деді. Біз: “Үш кісі куәлік етсе ше?” – деп сұрадық. Ол: “Үш кісі куәлік етсе де”, – деді. Біз: “Екі кісі куәлік етсе ше?” – деп сұрадық. Ол: “Екі кісі куәлік етсе де”, – деді. Ал бір кісі жайында сұрамадық».