Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 687

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
39. Мүшріктің өлім аузында «Алладан басқа құдай жоқ» деуі туралыبَابُ إِذَا قَالَ الْمُشْرِكُ عِنْدَ الْمَوْتِ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ»
Нөмірі
№ 687 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1360
687
Бұхари, № 687 · Сахих: 1360

عَنِ الْمُسَيِّبِ بْنِ حَزْنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَمَّا حَضَرَتْ أَبَا طَالِبٍ الْوَفَاةُ جَاءَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَوَجَدَ عِنْدَهُ أَبَا جَهْلِ بْنَ هِشَامٍ، وَعَبْدَ اللَّهِ بْنَ أَبِي أُمَيَّةَ بْنِ الْمُغِيرَةِ، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَبِي طَالِبٍ: «يَا عَمِّ، قُلْ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، كَلِمَةً أَشْهَدُ لَكَ بِهَا عِنْدَ اللَّهِ»، فَقَالَ أَبُو جَهْلٍ وَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ أَبِي أُمَيَّةَ: «يَا أَبَا طَالِبٍ، أَتَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ؟» فَلَمْ يَزَلْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعْرِضُهَا عَلَيْهِ، وَيَعُودَانِ بِتِلْكَ الْمَقَالَةِ حَتَّى قَالَ أَبُو طَالِبٍ آخِرَ مَا كَلَّمَهُمْ: «هُوَ عَلَى مِلَّةِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ»، وَأَبَى أَنْ يَقُولَ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمَا وَاللَّهِ، لَأَسْتَغْفِرَنَّ لَكَ مَا لَمْ أُنْهَ عَنْكَ»، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى فِيهِ: ﴿مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ﴾ [التَّوْبَةِ: 113] الْآيَةَ.

Қазақша аудармасы

Мусайяб ибн Хазн (р.а.): «Әбу Талиб өлім аузында жатқан кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) оның жанына келді. Оның қасында Әбу Жәһил ибн Һишам мен Абдулла ибн Әбу Үмәйя ибн әл-Муғира отырған еді. Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Талибке: “Уа, көке! ‘Алладан басқа құдай жоқ’, – деп айтшы. Осы сөз арқылы Алланың алдында сен үшін куәлік етейін”, – деді. Сонда Әбу Жәһил мен Абдулла ибн Әбу Үмәйя: “Уа, Әбу Талиб! Абдулмутталибтің дінінен бас тартпақсың ба?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан осы сөзді айтуын қайта-қайта өтінді, ал екеуі де әлгі сөздерін қайталай берді. Ақырында Әбу Талиб оларға соңғы рет тіл қатқанда, Абдулмутталибтің дінінде екенін айтты. Сөйтіп, ол “Алладан басқа құдай жоқ” деуден бас тартты. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Алланың атымен ант етемін, сен үшін кешірім тілеуге маған тыйым салынғанға дейін міндетті түрде кешірім тілей беремін”, – деді. Осыған байланысты Алла Тағала: “Пайғамбарға... жараспайды” (“Тәубе”, 113) деген аятты түсірді».