Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 656

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
14. Әйелдің күйеуінен өзге адам үшін аза тұтуы туралыبَابُ حَدِّ الْمَرْأَةِ عَلَى غَيْرِ زَوْجِهَا
Нөмірі
№ 656 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1281
656
Бұхари, № 656 · Сахих: 1281Риуаят етуші: Үммі Хабиба

عَنْ أُمِّ حَبِيبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَحِلُّ لِامْرَأَةٍ تُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ تُحِدَّ عَلَى مَيِّتٍ فَوْقَ ثَلَاثٍ إِلَّا عَلَى زَوْجٍ، فَإِنَّهَا تُحِدُّ عَلَيْهِ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Хабиба (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Аллаға және ақырет күніне иман келтірген әйелге қайтыс болған адам үшін үш күннен артық аза тұтуға болмайды. Күйеуі үшін ғана төрт ай он күн аза тұтады”, – дегенін естідім», – деді.