عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ الْأَنْصَارِيَّةِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: دَخَلَ عَلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حِينَ تُوُفِّيَتِ ابْنَتُهُ، فَقَالَ: «اِغْسِلْنَهَا ثَلَاثًا، أَوْ خَمْسًا، أَوْ أَكْثَرَ مِنْ ذَلِكَ، إِنْ رَأَيْتُنَّ ذَلِكَ، بِمَاءٍ وَسِدْرٍ، وَاجْعَلْنَ فِي الْآخِرَةِ كَافُورًا، أَوْ شَيْئًا مِنْ كَافُورٍ، فَإِذَا فَرَغْتُنَّ فَآذِنَّنِي». فَلَمَّا فَرَغْنَا آذَنَّاهُ، فَأَعْطَانَا حِقْوَهُ فَقَالَ: «أَشْعِرْنَهَا إِيَّاهُ»، تَعْنِي إِزَارَهُ.
Ансарлық Үммі Атия (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) қызы қайтыс болғанда, ол біздің жанымызға кіріп: “Оны сумен және сидр жапырағымен үш рет немесе бес рет, не қажет деп тапсаңдар, одан да көп рет жуыңдар. Соңғы жуу кезінде суға кәфур немесе кәфурден аздап қосыңдар. Жуып болған соң, маған хабар беріңдер”, – деді. Біз жуып болғаннан кейін, оған хабар бердік. Сонда ол беліне орайтын киімін бізге беріп: “Мұны оның денесіне тікелей тигізіп ораңдар”, – деді».