Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 645

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
23. Жаназа кітабыكِتَابُ الْجَنَائِزِ
бап
4. Адамның марқұмның қайтыс болғанын оның жақындарына өзі хабарлауы туралыبَابُ الرَّجُلِ يَنْعَى إِلَى أَهْلِ الْمَيِّتِ بِنَفْسِهِ
Нөмірі
№ 645 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1246
645
Бұхари, № 645 · Сахих: 1246Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَخَذَ الرَّايَةَ زَيْدٌ فَأُصِيبَ، ثُمَّ أَخَذَهَا جَعْفَرٌ فَأُصِيبَ، ثُمَّ أَخَذَهَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ فَأُصِيبَ». وَإِنَّ عَيْنَيْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لَتَذْرِفَانِ. «ثُمَّ أَخَذَهَا خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ مِنْ غَيْرِ إِمْرَةٍ فَفُتِحَ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Туды Зәйд алды да, қаза тапты. Содан кейін оны Жағфар алды да, қаза тапты. Одан кейін оны Абдулла ибн Рауаха алды да, қаза тапты”, – деді. Осы кезде Алла Елшісінің (с.а.с.) екі көзінен де жас ағып тұрды. Содан кейін ол: “Одан соң туды қолбасшы болып тағайындалмаған Халид ибн Уәлид алды. Сөйтіп, оған жеңіс нәсіп етілді”, – деді».