Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 620

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
19. Тәһәжжуд кітабыكِتَابُ التَّهَجُّدِ
бап
18. Нәпіл намазды екі рәкәғаттан оқу туралы риуаяттарبَابُ مَا جَاءَ فِي التَّطَوُّعِ مَثْنَى مَثْنَى
Нөмірі
№ 620 (Мухтасар реті) · Сахих: № 1162
620
Бұхари, № 620 · Сахих: 1162Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعَلِّمُنَا الِاسْتِخَارَةَ فِي الْأُمُورِ كَمَا يُعَلِّمُنَا السُّورَةَ مِنَ الْقُرْآنِ، يَقُولُ: «إِذَا هَمَّ أَحَدُكُمْ بِالْأَمْرِ فَلْيَرْكَعْ رَكْعَتَيْنِ مِنْ غَيْرِ الْفَرِيضَةِ، ثُمَّ لِيَقُلِ: “اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ، وَأَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ الْعَظِيمِ، فَإِنَّكَ تَقْدِرُ وَلَا أَقْدِرُ، وَتَعْلَمُ وَلَا أَعْلَمُ وَأَنْتَ عَلَّامُ الْغُيُوبِ. اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأَمْرَ خَيْرٌ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – أَوْ قَالَ: عَاجِلِ أَمْرِي وَآجِلِهِ – فَاقْدُرْهُ لِي، وَيَسِّرْهُ لِي، ثُمَّ بَارِكْ لِي فِيهِ.

وَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأَمْرَ شَرٌّ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – أَوْ قَالَ: فِي عَاجِلِ أَمْرِي وَآجِلِهِ – فَاصْرِفْهُ عَنِّي وَاصْرِفْنِي عَنْهُ، وَاقْدُرْ لِي الْخَيْرَ حَيْثُ كَانَ، ثُمَّ أَرْضِنِي”». قَالَ: «وَيُسَمِّي حَاجَتَهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізге Құраннан бір сүрені үйреткеніндей, барлық істе истихара жасауды үйрететін. Ол: “Сендердің бірің қандай да бір істі істеуге ниеттенсе, парыз намаздан бөлек екі рәкәғат намаз оқысын. Содан кейін: ‘Уа, Алла! Расында, мен Сенің іліміңмен Өзіңнен маған қайырлысын таңдап беруіңді сұраймын, Сенің құдіретіңмен күш-қуат тілеймін әрі Сенің ұлы кеңшілігіңнен сұраймын. Өйткені Сенің құдіретің жетеді, ал менің құдіретім жетпейді. Сен білесің, ал мен білмеймін. Сен – ғайыптарды толық Білушісің. Уа, Алла! Егер осы істің дініме, тіршілігіме және ісімнің ақырына қайырлы екенін білсең, – немесе: ісімнің бүгіні мен келешегіне қайырлы екенін білсең, – оны маған нәсіп етіп, жеңілдете гөр. Содан кейін оны мен үшін берекелі ет.

Ал егер осы істің дініме, тіршілігіме және ісімнің ақырына зиянды екенін білсең, – немесе: ісімнің бүгіні мен келешегіне зиянды екенін білсең, – оны менен алыстат әрі мені де одан алыстат. Қай жерде болса да, маған қайырды нәсіп ет, содан кейін мені соған разы ете гөр’, – десін”, – дейтін». Жәбир: «Адам өз қажетін атайды», – деген.