وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سُئِلَتْ عَنْ صَلَاتِهِ ﷺ فِي رَمَضَانَ، فَقَالَتْ: «مَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَزِيدُ فِي رَمَضَانَ وَلَا فِي غَيْرِهِ عَلَى إِحْدَى عَشْرَةَ رَكْعَةً، يُصَلِّي أَرْبَعًا فَلَا تَسَلْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وَطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّي أَرْبَعًا فَلَا تَسَلْ عَنْ حُسْنِهِنَّ وَطُولِهِنَّ، ثُمَّ يُصَلِّي ثَلَاثًا». قَالَتْ: فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَتَنَامُ قَبْلَ أَنْ تُوتِرَ؟» فَقَالَ: «يَا عَائِشَةُ، إِنَّ عَيْنَيَّ تَنَامَانِ وَلَا يَنَامُ قَلْبِي».
Айшадан (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) рамазандағы намазы туралы сұралғанда: «Алла Елшісі (с.а.с.) рамазанда да, одан басқа уақытта да он бір рәкәғаттан артық оқымайтын. Әуелі төрт рәкәғат оқитын. Олардың қаншалық көркем әрі ұзақ болғанын сұрама! Содан кейін тағы төрт рәкәғат оқитын. Олардың қаншалық көркем әрі ұзақ болғанын сұрама! Артынша үш рәкәғат оқитын», – деген.
Айша сөзін жалғастырып: «Мен: “Уа, Расулалла! Үтір намазын оқымай тұрып ұйықтайсыз ба?” – деп сұрадым. Ол: “Уа, Айша! Расында, менің көздерім ұйықтайды, бірақ жүрегім ұйықтамайды”, – деді».