عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُصَلِّي إِحْدَى عَشْرَةَ رَكْعَةً، كَانَتْ تِلْكَ صَلَاتَهُ – تَعْنِي بِاللَّيْلِ – فَيَسْجُدُ السَّجْدَةَ مِنْ ذَلِكَ قَدْرَ مَا يَقْرَأُ أَحَدُكُمْ خَمْسِينَ آيَةً قَبْلَ أَنْ يَرْفَعَ رَأْسَهُ، وَيَرْكَعُ رَكْعَتَيْنِ قَبْلَ صَلَاةِ الْفَجْرِ، ثُمَّ يَضْطَجِعُ عَلَى شِقِّهِ الْأَيْمَنِ حَتَّى يَأْتِيَهُ الْمُؤَذِّنُ لِلصَّلَاةِ.
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) он бір рәкәғат намаз оқитын. Бұл оның түнгі намазы еді. Ол бір сәждесін сендердің бірің елу аят оқып үлгеретіндей ұзақ жасайтын. Таң намазының алдында екі рәкәғат намаз оқып, содан кейін азаншы оны намазға шақыру үшін келгенге дейін оң қырымен жататын».