Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 504

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
11. Жұма кітабыكِتَابُ الْجُمُعَةِ
бап
9. Жұма намазы міндетті болмаған адамға жұма күні ғұсыл құйыну міндетті ме?بَابُ هَلْ يَجِبُ غُسْلُ الْجُمُعَةِ عَلَى مَنْ لَا تَجِبُ عَلَيْهِ؟
Нөмірі
№ 504 (Мухтасар реті) · Сахих: № 897
504
Бұхари, № 504 · Сахих: 897

حَدِيثُ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «نَحْنُ الْآخِرُونَ السَّابِقُونَ» تَقَدَّمَ قَرِيبًا، وَزَادَ هُنَا فِي آخِرِهِ: ثُمَّ قَالَ: «حَقٌّ عَلَى كُلِّ مُسْلِمٍ أَنْ يَغْتَسِلَ فِي كُلِّ سَبْعَةِ أَيَّامٍ يَوْمًا يَغْسِلُ فِيهِ رَأْسَهُ وَجَسَدَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) «Біз – үмбеттердің соңғысымыз, ал қиямет күні бәрінен озамыз» деп басталатын хадисі осыдан сәл бұрын баяндалған. Осы риуаяттың соңында Пайғамбардың (с.а.с.): «Әрбір мұсылманның жеті күнде бір рет басы мен бүкіл денесін жуып, ғұсыл алуы – оның мойнындағы міндет», – деген сөзі қосылған.