عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ الْجُهَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: صَلَّى لَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَلَاةَ الصُّبْحِ بِالْحُدَيْبِيَةِ عَلَى إِثْرِ سَمَاءٍ كَانَتْ مِنَ اللَّيْلَةِ، فَلَمَّا اِنْصَرَفَ أَقْبَلَ عَلَى النَّاسِ، فَقَالَ: «هَلْ تَدْرُونَ مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ؟» قَالُوا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «أَصْبَحَ مِنْ عِبَادِي مُؤْمِنٌ بِي وَكَافِرٌ، فَأَمَّا مَنْ قَالَ: “مُطِرْنَا بِفَضْلِ اللَّهِ وَرَحْمَتِهِ”، فَذَلِكَ مُؤْمِنٌ بِي وَكَافِرٌ بِالْكَوْكَبِ، وَأَمَّا مَنْ قَالَ: “بِنَوْءِ كَذَا وَكَذَا”، فَذَلِكَ كَافِرٌ بِي وَمُؤْمِنٌ بِالْكَوْكَبِ».
Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Худайбияда түнде жауған жаңбырдан кейін бізге таң намазын оқытты. Намазын аяқтаған соң, адамдарға жүзін бұрып: “Раббыларыңның не дегенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) Алланың мына сөзін жеткізді: “Құлдарымның кейбірі Маған иман келтірген күйде, ал кейбірі күпірлік еткен күйде таңды қарсы алды. ‘Алланың кеңшілігі мен рақымының арқасында жаңбырға бөлендік’ деген адам Маған иман келтіріп, жұлдызға күпірлік етті. Ал ‘Пәлен жұлдыздың тууына байланысты жаңбыр жауды’ деген адам Маған күпірлік етіп, жұлдызға иман келтірді”».