Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 482

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
87. Намаздан кейін зікір айту туралыبَابُ الذِّكْرِ بَعْدَ الصَّلَاةِ
Нөмірі
№ 482 (Мухтасар реті) · Сахих: № 844
482
Бұхари, № 482 · Сахих: 844Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يَقُولُ فِي دُبُرِ كُلِّ صَلَاةٍ مَكْتُوبَةٍ: «لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، اللَّهُمَّ لَا مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلَا مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلَا يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ».

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғбаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) әрбір парыз намаздан кейін: «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһ. Ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуа ғала күлли шәйин қадир. Аллаһуммә лә маниға лимә ағтайта, уә лә мұғтия лимә манағта, уә лә янфағу зәл-жәдди минкәл-жәдд», – дейтін.

Бұл сөздердің мағынасы: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Ол – Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән, барлық мадақ Оған лайық. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді. Уа, Алла! Сен берген нәрсеге ешкім бөгет бола алмайды, ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Байлық пен мәртебе иесіне Сенің алдыңда оның байлығы да, мәртебесі де пайда бермейді».