Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 455

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
68. Рукуғ кезінде алақандарды тізелердің үстіне қою туралыبَابُ وَضْعِ الْأَكُفِّ عَلَى الرُّكَبِ فِي الرُّكُوعِ
Нөмірі
№ 455 (Мухтасар реті) · Сахих: № 790
455
Бұхари, № 455 · Сахих: 790

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ صَلَّى إِلَى جَنْبِهِ ابْنُهُ مُصْعَبٌ، قَالَ: فَطَبَّقْتُ بَيْنَ كَفَّيَّ، ثُمَّ وَضَعْتُهُمَا بَيْنَ فَخِذَيَّ، فَنَهَانِي أَبِي وَقَالَ: «كُنَّا نَفْعَلُهُ، فَنُهِينَا عَنْهُ، وَأُمِرْنَا أَنْ نَضَعَ أَيْدِيَنَا عَلَى الرُّكَبِ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққастың (р.а.) айтуынша, ұлы Мусғаб оның жанында намаз оқыған. Мусғаб былай деген: «Рукуғ кезінде екі алақанымды біріктіріп, сандарымның арасына қойдым. Әкем маған бұлай істеуге тыйым салып: “Біз бұрын осылай істейтінбіз. Кейін бізге бұлай істеуге тыйым салынып, қолдарымызды тізелеріміздің үстіне қою бұйырылды”, – деді».