Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 445

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
59. Таң намазында қырағат ету туралыبَابُ الْقِرَاءَةِ فِي الْفَجْرِ
Нөмірі
№ 445 (Мухтасар реті) · Сахих: № 772
445
Бұхари, № 445 · Сахих: 772Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «فِي كُلِّ صَلَاةٍ يُقْرَأُ، فَمَا أَسْمَعَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَسْمَعْنَاكُمْ، وَمَا أَخْفَى عَنَّا أَخْفَيْنَا عَنْكُمْ، وَإِنْ لَمْ تَزِدْ عَلَى أُمِّ الْقُرْآنِ أَجْزَأَتْ، وَإِنْ زِدْتَ فَهُوَ خَيْرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Әрбір намазда Құран оқылады. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге дауыстап оқып естірткен намаздарда, біз де сендерге дауыстап оқимыз. Ал ішінен оқып, бізге естіртпеген намаздарда, біз де ішімізден оқимыз. Егер “Фатиха” сүресінен өзге ештеңе оқымасаң да, ол жеткілікті. Ал оған қосып тағы оқысаң, бұл одан да қайырлы», – деген.