عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ خَطَبَ النَّاسَ فِي يَوْمٍ ذِي رَدْغٍ، فَأَمَرَ الْمُؤَذِّنَ لَمَّا بَلَغَ «حَيَّ عَلَى الصَّلَاةِ» قَالَ: «قُلْ: “الصَّلَاةُ فِي الرِّحَالِ”»، فَنَظَرَ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ، فَكَأَنَّهُمْ أَنْكَرُوا، فَقَالَ: «كَأَنَّكُمْ أَنْكَرْتُمْ هَذَا، إِنَّ هَذَا فَعَلَهُ مَنْ هُوَ خَيْرٌ مِنِّي» – يَعْنِي النَّبِيَّ ﷺ – «إِنَّهَا عَزْمَةٌ، وَإِنِّي كَرِهْتُ أَنْ أُحْرِجَكُمْ».
Ибн Аббас (р.а.) жер лайсаң болған бір күні адамдарға құтба оқыды. Азаншы «Хайя ғалас-салаһ» деген жерге жеткенде, оған: «Намазды тұрған орындарыңда оқыңдар», – деп айтуды бұйырды. Сонда адамдар бір-біріне қарап, мұны құптамағандай болды. Ибн Аббас: «Сендер мұны құптамаған секілдісіңдер. Мұны менен де абзал адам, яғни Пайғамбар (с.а.с.) жасаған. Расында, жұма намазы – міндетті ғибадат. Ал мен сендерді қиындыққа салғым келмеді», – деді.