Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 392

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
19. Таң намазын жамағатпен оқудың артықшылығы туралыبَابُ فَضْلِ صَلَاةِ الْفَجْرِ فِي جَمَاعَةٍ
Нөмірі
№ 392 (Мухтасар реті) · Сахих: № 648
392
Бұхари, № 392 · Сахих: 648Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «تَفْضُلُ صَلَاةُ الْجَمِيعِ صَلَاةَ أَحَدِكُمْ وَحْدَهُ، بِخَمْسٍ وَعِشْرِينَ جُزْءًا، وَتَجْتَمِعُ مَلَائِكَةُ اللَّيْلِ وَمَلَائِكَةُ النَّهَارِ فِي صَلَاةِ الْفَجْرِ». ثُمَّ يَقُولُ أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «فَاقْرَؤُوا إِنْ شِئْتُمْ: ﴿إِنَّ قُرْآنَ الْفَجْرِ كَانَ مَشْهُودًا﴾» [الْإِسْرَاءِ: 78].

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Жамағатпен оқылған намаз сендердің біріңнің жеке оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Түнгі періштелер мен күндізгі періштелер таң намазында бас қосады”, – дегенін естідім», – деген. Содан кейін Әбу Һурайра (р.а.): «Қаласаңдар, мына аятты оқыңдар: “Расында, таң намазына періштелер куә болады” (“Исра”, 78)», – деген.