عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَمْنَعَنَّ أَحَدَكُمْ أَذَانُ بِلَالٍ مِنْ سَحُورِهِ، فَإِنَّهُ يُؤَذِّنُ بِلَيْلٍ لِيَرْجِعَ قَائِمَكُمْ وَلِيُنَبِّهَ نَائِمَكُمْ، وَلَيْسَ أَنْ يَقُولَ الْفَجْرُ أَوِ الصُّبْحُ». وَقَالَ بِأَصَابِعِهِ وَرَفَعَهَا إِلَى فَوْقُ وَطَأْطَأَ إِلَى أَسْفَلُ حَتَّى يَقُولَ هَكَذَا. يُشِيرُ بِسَبَّابَتَيْهِ إِحْدَاهُمَا فَوْقَ الْأُخْرَى، ثُمَّ مَدَّهُمَا عَنْ يَمِينِهِ وَشِمَالِهِ.
Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Біләлдің азаны ешқайсыңды сәресі ішуден тыймасын. Өйткені ол түнгі намаз оқып тұрғандарың тынығып алуы және ұйықтап жатқандарың оянуы үшін түнде азан айтады. Таңның атуы немесе таңғы шапақтың білінуі бұлай болмайды». Осыны айтқанда, ол саусақтарын жоғары көтеріп, кейін төмен түсірді. Содан соң таңның қалай ататынын ишарамен көрсетті: екі сұқ саусағының бірін екіншісінің үстіне қойып, содан кейін екеуін оңға және солға қарай созды.