Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 380

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
10. Азан кітабыكِتَابُ الْأَذَانِ
бап
8. Таң атқанын хабарлап тұратын адамы болса, зағип адамның азан айтуы туралыبَابُ أَذَانِ الْأَعْمَى إِذَا كَانَ لَهُ مَنْ يُخْبِرُهُ
Нөмірі
№ 380 (Мухтасар реті) · Сахих: № 617
380
Бұхари, № 380 · Сахих: 617Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ بِلَالًا يُؤَذِّنُ بِلَيْلٍ، فَكُلُوا وَاشْرَبُوا حَتَّى يُنَادِيَ ابْنُ أُمِّ مَكْتُومٍ»، قَالَ: وَكَانَ رَجُلًا أَعْمَى، لَا يُنَادِي حَتَّى يُقَالَ لَهُ: «أَصْبَحْتَ، أَصْبَحْتَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Біләл түнде азан айтады. Сондықтан Ибн Үммі Мәктум азан айтқанға дейін ішіп-жеңдер», – деген. Риуаятта: «Ибн Үммі Мәктум зағип кісі еді. Оған: “Таң атты! Таң атты!” – деп айтылмайынша, азан айтпайтын», – деп берілген.