Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 5

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
1. Уахидың басталуы туралы кітапكِتَابُ بَدْءِ الْوَحْيِ
бап
1. Алла Елшісіне (с.а.с.) уахидың қалай басталғаны туралыكَيْفَ كَانَ بَدْءُ الْوَحْيِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ
Нөмірі
№ 5 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5
5
Бұхари, № 5 · Сахих: 5Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ﴾ [الْقيامة: 16] قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُعَالِجُ مِنَ التَّنْزِيلِ شِدَّةً، وَكَانَ مِمَّا يُحَرِّكُ شَفَتَيْهِ، فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «فَأَنَا أُحَرِّكُهُمَا لَكُمْ كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحَرِّكُهُمَا»، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ إِنَّ عَلَيْنَا جَمْعَهُ وَقُرْآنَهُ﴾ [الْقيامة: 16–17] قَالَ: «جَمْعُهُ لَكَ فِي صَدْرِكَ وَتَقْرَأَهُ». ﴿فَإِذَا قَرَأْنَاهُ فَاتَّبِعْ قُرْآنَهُ﴾ [الْقيامة: 18] قَالَ: «فَاسْتَمِعْ لَهُ وَأَنْصِتْ». ﴿ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا بَيَانَهُ﴾ [الْقيامة: 19] «ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا أَنْ تَقْرَأَهُ»، فَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَعْدَ ذَلِكَ إِذَا أَتَاهُ جِبْرِيلُ اسْتَمَعَ فَإِذَا انْطَلَقَ جِبْرِيلُ قَرَأَهُ النَّبِيُّ ﷺ كَمَا قَرَأَهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Алла Тағаланың «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа» («Қиямет» сүресі, 16-аят) деген сөзі жайында былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) уахи түскен кезде қатты қиналып, еріндерін қимылдататын». Ибн Аббас (р.а.): «Мен сендерге Алла Елшісінің (с.а.с.) еріндерін қалай қимылдатқанын көрсетейін», – деп, еріндерін қимылдатты. Сонда Алла Тағала: «Оны бірден жаттап алайын деп, тіліңді асығыс қимылдатпа. Өйткені оны толық жинау һәм өзіңе оқыту Бізге тиесілі іс!» («Қиямет» сүресі, 16–17-аяттар) деген аяттарды түсірді.

Ибн Аббас (р.а.) мұны: «Оны сенің көкірегіңе жинау әрі оқуыңа мүмкіндік беру», – деп түсіндірген. Ал «Ендеше, Біз оны оқыған кезде, сен оның оқылуына ілесіп отыр» («Қиямет» сүресі, 18-аят) деген аятты: «Оны үнсіз тыңда», – деп түсіндірген. «Содан кейін, оны тәптіштеп түсіндіру де Бізге тиесілі іс!» («Қиямет» сүресі, 19-аят) деген аятты: «Содан кейін оны оқуыңды қамтамасыз ету де Бізге тиесілі», – деп түсіндірген.

Осыдан кейін Жәбірейіл келгенде, Алла Елшісі (с.а.с.) оны мұқият тыңдайтын болды. Ал Жәбірейіл кеткеннен кейін Пайғамбар (с.а.с.) уахиды оның оқып бергеніндей етіп қайталап оқитын.